Nur Media холдингіне жаңа басшы тағайындалды

988

Осыған дейін ол Орталық коммуникациялар қызметін басқарған.

Nur Media холдингіне жаңа басшы тағайындалды

Nur Media холдингінің бас директоры қызметіне Руслан Әлішев тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Nur Otan партиясының атқарушы хатшысы Асхат Ораловтың бұйрығымен Nur Media холдингінің бас директоры қызметіне Руслан Әлішев тағайындалды", – деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, Руслан Әлішев М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін тәмамдаған. Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің инспекторы, Ішкі саясат басқармасының орынбасары және басшысы, Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің орынбасары, облыс әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.

Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары болған.

2 жылдан аса Nur Otan орталық аппаратының саяси жұмыс департаментін басқарды. 2020 жылдың мамыр айынан бастап Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры болып қызмет етті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу