"Nur Otan" қоғамдық кеңестердің жұмысын күшейтеді

1028

Дағдарысқа қарсы іс-шараларды жүзеге асыруға бөлінген қаражаттың ашық әрі тиімді жұмсалуына партиялық және қоғамдық бақылауды қамтамасыз етеді.

"Nur Otan" қоғамдық кеңестердің жұмысын күшейтеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, "Nur Otan" партиялық бақылау комиссиясы мен аймақтардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестердің жұмысын күшейтеді, деп хабарлады партия төрағасының орынбасары Бауыржан Бәйбек.

Оның айтуынша бұл партияның қоғамдық қабылдауларына тұрғындардан келіп түскен өтініштерді жіті бақылау мақсатында жасалып жатыр.

"Мұнда азаматтардың өтініштеріне жауап бермейтін, сондай-ақ БАҚ пен әлеуметтік желілерде тұрғындар көтерген мәселелер бойынша өздеріне жауапкершілік алып, дер кезінде тиісті шешімдер қабылдамайтын лауазымды тұлғалар туралы сөз болып отыр. "Nur Otan" сонымен қатар дағдарысқа қарсы іс-шараларды жүзеге асыруға бөлінген қаражаттың ашық әрі тиімді жұмсалуына партиялық және қоғамдық бақылауды қамтамасыз етеді",– деп жазды Бауыржан Бәйбек әлеуметтік желідегі парақшасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу