"Nur Otan" мақтааралдықтарға 400 тоннадан астам гуманитарлық көмек жіберді

692

"Jas Otan" волонтерлары мен белсенділері жеткізілген көмекті тұрғындарға үлестіріп берумен айналысып жатыр.

"Nur Otan" мақтааралдықтарға 400 тоннадан астам гуманитарлық көмек жіберді

"Nur Otan" партиясы мақтааралдықтарға 400 тоннадан астам гуманитарлық көмек, оның ішінде азық-түлік, жеке гигиеналық құралдар, киім-кешек, төсек-орын жабдығы және тағы да басқа заттар жөнелтті. Бұл туралы партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек инстаграмда хабарлады.

"Jas Otan" волонтерлары мен белсенділері жергілікті жерде жеткізілген көмекті тұрғындарға үлестіріп берумен айналысып жатыр. Өңірлердегі партияластарымыз бен белсенділерімізге жұртшылыққа жедел қолдау көрсетуді ұйымдастырғандары үшін алғыс айтамын",– деп қосыты сондай-ақ ол.

Бауыржан Байбек партия мен "Birgemiz" қорының атаулы көмек көрсетуді жалғастырып жатқанын, бүгінгі күнге дейін 150 мыңнан астам отбасы азық-түлік себеті мен антисептикалық құралдар алғанын атап өткен.

"Бұған қоса 100 мың отбасы тегін маскамен қамтамасыз етілді. 360 мың отбасы 50 мың теңгеден біржолғы төлеммен қамтылды. Отбасы мүшелерін қоса есептегенде, бұл шамамен 1 млн қазақстандықты құрайды",– деп жазылған жазбада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу