NUR OTAN Мәжіліс сайлауына кандидаттарды бекітті

683

Nur Otan Мәжіліс сайлауына қатысатын кандидаттар тізімін бекітті, деп хабарлайды Аtameken Business.    

NUR OTAN Мәжіліс сайлауына кандидаттарды бекітті

Партиялық тізімге 126 азамат ілікті. Олардың 77-сі партияішілік іріктеуден өткендер болса, 49-ы квота бойынша анықталғандар. Олардың дені жоғары лауазымды танымал тұлғалар. Бір ерекшелігі, бұл жолғы тізімде бірде-бір әнші, актер немесе спортшы жоқ.

Сондай-ақ "Nur Otan" партиясының кезектен тыс съезінде еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстанда демократия жоқ" деп сынайтындарға жауап берді. Елбасы біздің аталған бағытта алға жылжып келе жатқанымызды айтты. Бірақ ол үшін экономиканың 60-70%-ы жекенің қолында болуы керек.

Мәселен, Германияда экономиканың 80%-і – шағын және орта бизнестің үлесінде. Ал бізде бұл көрсеткіш 25-30 процент. Сонда ғана жекенің мүлкін ысырап етуге мүмкіндік бермейтін мемлекет қалыптасатынын айтты. "Дегенмен, нағыз демократиялы ел саналатын АҚШ-тың өзінде бәрі керемет емес", – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Оған соңғы президент сайлауы дәлел.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу