"Nur Otan" партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қаулысымен Артур Платонов Партиялық бақылау комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.
"Артур Станиславовичтің қоғамдық және партиялық жұмыста жинақтаған мол тәжірибесі Комитет қызметін күшейте түсуге мүмкіндік беретініне сенімдімін. Мәжіліс Төрағасының орынбасары болып сайланған Комитеттің бұрынғы басшысы Павел Олегович Казанцевке атқарған жұмысы үшін алғыс айтамын",– деп жазды Бауыржан Байбек "Твиттерде".
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу