"Nur Otan" партиясының елордалық филиалы қызметкерлері 16 мыңнан астам антисептиктің 3 мыңға жуығын таратты, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Дезинфекциялық құралдар қалалық емханалар мен ауруханаларға, полиция департаменттері мен бақылау бекеттеріне жеткізілді. "Антисептиктердің қалған бөлігі, яғни 13 мыңнан астамы қарттар үйі, балалар үйі, әйелдерге арналған дағдарыс орталығы, бейімдеу орталығы сияқты қалалық мекемелерге арналған. Олар жақын арада жеткізіліп, таратылатын болады.
Дезинфекциялық құралдарды сатып алуға Нұрғазы Көшкінбаев басшылығындағы "Ceramo Stone Group" ЖШС қаражат бөлді. Айта кетерлігі, акция әрі қарай жалғасын табады", - дейді "Nur Otan" партиясының елордалық филиалы Төрағасының бірінші орынбасары Ерлан Каналимов.