"Nur Otan" партиясының кезектен тыс съезі өтеді

1519

Бүгінде біз алдағы уақытта болатын кезектен тыс съезд жұмысына дайындықты бастадық. Бұл туралы "Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

"Nur Otan" партиясының кезектен тыс съезі өтеді

Оның пікірінше, қазір елдігімізді сақтау, барды ұқсату аса маңызды. 

"Сондықтан Елбасы құрған "Nur Otan" партиясы елдің бірлігі мен қоғамның тұрақтылығына бағытталған жұмысын одан әрі жалғастыруы керек. Қазіргі таңда біз алда болатын кезектен тыс съезд жұмысына дайындықты бастап кеттік. Қаңтардың қасіретті күндерінде Елбасы баршамызды Президенттің маңайына топтасып, елдің амандығы мен бірлігін сақтап қалу үшін бірге әрекет етуге үндегенін баршаңыз білесіздер...", – деді Бауыржан Байбек бейнеконференция режимінде өткен жиналыста. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу