"Nur Otan" Саяси кеңесі бюросының отырысы кейінге шегерілді

658

Бұл туралы "Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек хабарлады.  

"Nur Otan" Саяси кеңесі бюросының отырысы кейінге шегерілді Фото: Максим Морозов

"Nur Otan" партиясы Саяси кеңесі бюросының отырысы жұмаға, яғни 28 тамызға ауыстырылды. Елбасы, партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаев Сайлауалды бағдарламаны талқылау барысында Бюро мүшесі, Премьер-Министр А.Ұ.Маминге әлеуметтік қамсыздандыру шараларын күшейтуді, денсаулық сақтау саласының сапасын арттыруды, жұмыс орындарын құрып, тұрғындар табысын ынталандыруды тапсырды",– деп жазды Бауыржан Байбек Twitter-де.

Айта кетсек, аталған шараның өтетін күні осымен екінші рет ауысып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу