Nur Otan саяси кеңесінің құрамы өзгереді

1582

Съезд Президент, партиясы төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтеді.

Nur Otan саяси кеңесінің құрамы өзгереді

Ертең Nur Otan саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу мәселесі қаралады. Бұл туралы партияның атқарушы хатшысы Асхат Оралов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Өздеріңіз білетіндей, ертең Мемлекет басшысы, партия төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен онлайн форматта Nur Otan-ның кезектен тыс XXII съезі өтеді. Оның жұмысына еліміздің әр өңірінен 399 делегат қатысады. 

Бүгін партияның саяси кеңесінің қаулысымен съездің күн тәртібі бекітілді. Екі мәселе қаралады: 

1. Партияның Саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу. 
2. "Nur Otan" партиясының модернизациясы", – деп жазды атқарушы хатшы Facebook-тегі жеке парағында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу