Нұр-Сұлтан әкімдігі: Азық-түлік қоры жеткілікті

1212

Елорда әкімдігі бағаны тұрақтандыру бойынша 2 бағытта жұмыс жүргізіліп жатқандығын мәлімдеді.

 Нұр-Сұлтан әкімдігі: Азық-түлік қоры жеткілікті

Тұрақтандыру қоры құрылып, сауда желілерін жеңілдікпен несиелендіру бойынша жұмыстар жүргізілген.

"Айналым схемасы" жобасына "Magnum", "Астықжан", "Кенмарт", "Small", "Шапағат", "Евразия", "Артем", "Биг Шанхай" сияқты сауда орындары қатысады, сондай-ақ ет пен жарма бойынша жеткізушілер анықталды. Дүрлігуге себеп жоқ ,азық - түлік жеткілікті мөлшерде бар",– делінген әкімдік хабарламасында.

Әлеуметтік нан бағасын ұстап тұру үшін де шаралар қарастырылған.

"Тұрақтандыру қорының ұн қоры толықтырылып, қаланың наубайханаларына қолдау көрсетіліп жатыр",– дейді қала басшылығынан.

Сондай-ақ, ауылшаруашылық жәрмеңкелерін өткізу де бағаны ұстап тұруға және өнімді нарықтық бағадан төмен сатуға мүмкіндік бермек.

Ауылшаруашылық жәрмеңкелерінің маусымы "Аспан базар" сауда үйінде басталды, жәрмеңке әр сенбі мен жексенбі күндері сәуір айына дейін өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу