Елордада қысқы кезеңде қар көп жауады деп күтіліп отыр. Қар күреу жұмысына 1 900 бірлік арнайы техника сақадай сай тұр. Бұл туралы inbusiness.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Қалада қар күреу жұмыстары екі ауысымда жүргізіледі, ал кешкі және түнгі уақытта қарқынды іске асады. Қалың қар мен боран кезінде қала бойынша 1 900-ден астам арнайы техника мен 3 мың жол жұмысшы жұмылдырылады.
Қар 4 негізгі полигонға шығарылады. Бақылау және мониторинг жүргізу мақсатында негізгі полигондарда бейнебақылау камералары орнатылды.
Сонымен қатар негізгі полигондарды толтыру жағдайына қосымша 5 полигон қарастырылған.
Қаланың қар жинайтын аумағы 609 млн шаршы метрді құрайды.