Нұр-Сұлтан әкімдігі мемлекеттік сатып алуда 1 миллиард теңге шығын келтірді
25 Ақпан 2021 22:39 689

Фактіні қаржы мониторингі агенттігі құжаттарды тексеру кезінде анықтаған. Ведомствоның мәліметінше, ұйымдар келісімшартта тауарлық-материалдық заттардың бағасын шынайы құнынан әлдеқайда қымбат көрсеткен. Осылайша, бюджеттің 1 миллиард теңгесін қолды қылған. Қазір елорда әкімдігіне қатысты тергеу басталды. Ал қаржы мониторингі агенттігі бұл ақшаға 300 орындық балабақша немесе медициналық мекемелер үшін сапалы жабдықтар сатып алуға болатын еді деп мәлімдеді. Өзге ақпаратты агенттік құпия ретінде сақтап отыр