Нұр-Сұлтан әкімінің экс-орынбасары мен Astana LRT компаниясының экс-директор халықаралық іздестіруде жоқ

949

Astana LRT компаниясына қатысты апелляциялық сот болды. Онда "бюджет қаражатын жымқыру" фактісі бойынша сотталғандардың шағымы қаралды, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.  

Нұр-Сұлтан әкімінің экс-орынбасары мен Astana LRT компаниясының экс-директор халықаралық іздестіруде жоқ

 "Astana Innovations" компаниясының бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Әшімнің адвокаттары Антикор қызметкерлері БАҚ-ты және қазақстандықтарды жаңылдырды, Қанат Сұлтанбеков пен Талғат Ардан елден қашып кетті деп есептейді. Олардың айтуы бойынша, Нұр-Сұлтан әкімінің экс-орынбасары Қанат Сұлтанбеков пен Astana LRT компаниясының бұрынғы директоры Талғат Ардан ешқандай халықаралық іздестіруге берілмеген.

"Менің қорғауымдағы Талғат Әшім екі жыл бұрын сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте айыбын мойындап, өзіне астана әкімінің орынбасары Сұлтанбеков қысым көрсетіп қол қойғызғанын әшкереледі. Бірақ бұл істің нәтижесі өкінішті болып тұр. Сұлтанбековты әшкерелеген менің клиентім жеті жылға бас бостандығынан айырылды және одан үш миллиардтан астам теңге өндіріп алынды. Ал шын мәнінде қаржы жымқырған Сұлтанбеков Манхэттенде тұрып жатыр. Оның әйелі бүкіл халықты мазақ етіп, бақытты өмір сүріп жатқаны туралы жазады. Бұл әділетті ме?" - деді адвокат Джохар Өтебеков.

Адвокаттар Талғат Әшімді қолхатпен босатуды сұрайды. Олар айтқан өтініштердің орындалу-орындалмауы сот құзырында.

Еске сала кетейік, 2021 жыл 28 мамырда судья Қажымұқан Мекемтас жеті адамды 5,8 млрд. теңге жымқырғаны және жұмсағаны үшін кінәлі деп танып, 7 жылдан 11 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Олар: астананың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бұрынғы бастығы Рашид Аманжолов, Нұр-Сұлтан мәслихатының бұрынғы хатшысы Жанат Нұрпейісов, "Astana Innovations" АҚ басқармасының бұрынғы төрағасы Талғат Әшім және осы кәсіпорынның қызметкерлері Ұлықбек Ачилов, Тимур Қасабаев, Дулат Мусенов, Дәурен Әбдіхамитов.

Тасқын Болатұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу