Нұр-Сұлтан әлем туристері үшін ең тартымды 50 қаланың біріне айналады

941

"Ақылды қалалар, ақылды бағыттар" атты жаһандық саммит өтуде.

Нұр-Сұлтан әлем туристері үшін ең тартымды 50 қаланың біріне айналады

Дүниежүзілік туризм ұйымының (UNWTO) "Ақылды қалалар, ақылды бағыттар" атты 8-ші жаһандық саммиті бүгін де жалғасуда. Саммиттің екінші күні салтанаты жиын өтіп, ҚР премьер-министрі Асқар Мамин қонақтарды құттықтай отырып, саммиттің маңыздылығына тоқталды.

"Қазақстан Республикасы атынан баршаңызды Нұр-Сұлтан қаласында көргеніме қуаныштымын! Қалалық туризм бойынша 8-ші жаһандық саммит өтіп жатыр. Саммит барысында өзіміздің аймақтағы басты мәселелерді қарастырамыз. Туризм индустриясы әлемдегі маңызды салалардың бірі болып отыр. Саммит осы саладағы жаңашылдықтарды пайдалануымызға, әрі дамытуымызға серпін береді. Бүгінгі таңда туризм жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) 10%-ын және жұмыс орындарының 10%-ын, сондай-ақ жалпы өндірістің 5%-ын құрап отыр. Осы көрсеткіштерге қарамастан UNWTO есебі бойынша жаһандық нарықта туризм индустриясы қарқынды дамып келе жатыр",– деді ҚР премьер-министрі.

Премьер-министр елімізде туризм индустриясының жетістіктерін де тілге тиек етті: "Елімізде туризмді дамыту үшін әртүрлі шаралар атқарудамыз, халықаралық ұйымдар мен компаниялар келуде. Туризмді дамыту мақсатында 2019-2025 жылдарға арналған нақты жоспарымыз бар. ЖІӨ-де туризмнің үлесін ұлғайтуымыз керек. Әрине, бұл қаржыландыруды талап етеді. Қаржыландыру мемлекет тарапынан да, жеке сектордан да тартылады. Туризм саласында бәсекелестік өте жоғары болғанымен, Нұр-Сұлтан қаласын әлемдегі туристер үшін ең тартымды 50 қаланың бірі етуге күш саламыз. Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қаланың тек әкімшілік орталық қана емес, сондай-ақ туристік бағыт ретінде дамуына өте көп еңбек сіңірді. Астанамыздың құрылысын салуға инвестиция көлемі 3 трл теңгеге жетті, бұл 50 млрд АҚШ долларына шамалас. Нұр-Сұлтан "ақылды технологияларды" дамытушы күшке айналуда. "Smart Astana" тұжырымдамасы елордамыздың әлемдегі ең басты 10 қала тәрізді дамып келе жатқандығын көрсетеді. Қалада білім беру, денсаулық сақтау, жол-көлік қозғалысы да дамуда. Осылардың барлығы Нұр-Сұлтан қаласын бизнес үшін негізгі хаб ретінде әлемді мойындатуда",– деді Асқар Мамин.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу