Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында доллар сату тоқтады

1343

Ұлттық банктің 19 наурызға бекіткен АҚШ долларының ресми бағамы – 439, 32 теңге.   

Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында доллар сату тоқтады

Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкенттің көптеген айырбастау пунктінде доллар сату тоқтады. Бұл туралы Kurs.kz хабарлады.

Нұр-Сұлтан қаласындағы айырбастау пунктеріндегі 1 долларды сатып алудың орташа бағасы – 455,24 теңге. Ал долларды тек бір ғана айырбастау пункті сатып жатыр, ондағы баға бір доллар үшін – 444 теңге.    

Алматыда валюта айырбастау пунктерінде 1 доллардың орташа бағасы – 442,9 теңге. Доллар сатумен айналысып жатқан айырбастау пунктерінде доллардың орташа бағасы – 444,3 теңге.    

Шымкенттегі айырбастау пункетерінде орташа баға 445 теңге болғанымен, доллар сатылып жатқан жоқ.     

Ұлттық банктің 19 наурызға бекіткен АҚШ долларының ресми бағамы – 439, 32 теңге.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу