"Нұр-Сұлтан – Алматы" тас жолын жаңғырту жұмыстары келер жылы аяқталады

1206

Жалпы ұзындығы 946 шақырым болатын көлік дәлізі "Қарағанды-Балқаш", "Балқаш – Бурылбайтал", "Бурылбайтал – Күрті" және "Күрті –Қапшағай" учаскелеріне бөлінген.

"Нұр-Сұлтан – Алматы" тас жолын жаңғырту жұмыстары келер жылы аяқталады

Бүгінгі таңда жолдың 500 шақырымында жұмыстар аяқталып, көлік қозғалысы ашылған. Тағы 434 шақырымында биыл төменгі қабат жабыны төселіп, пайдалануға беріледі. Ал 2023 жылы жаңғырту жұмыстары толық аяқталады, деп хабарлайды inbusiness.kz .   

Жолдағы жұмыстарға 1 мыңнан астам техника және 1600-ге жуық маман тартылады. Қазіргі уақытта мердігерлік ұйымдар құрылыс материалдарын дайындап жатыр.         

Жаңғырту жұмыстары аяқталған соң бұл жолмен көліктер сағатына 120 шақырыммен жүре алады. Тиісінше, Нұр-Сұлтан қаласынан Балқаш көліне 6-7 сағатта жетеді. Алматыдан жету үшін шамамен осындай уақыт кетеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу