Нұр-Сұлтан, Алматы және СҚО-ға отандық жедел жәрдем көліктері тапсырылды

580

Қыркүйек айының соңына дейін Қазақстанның барлық өңірлеріне отандық өндірістің 360 бірлігі жеткізіледі.

Нұр-Сұлтан, Алматы және СҚО-ға отандық жедел жәрдем көліктері тапсырылды

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі отандық автоөнеркәсіп кешенімен бірлесіп, еліміздің қалалық және өңірлік ауруханаларының санитарлық көлік паркін жаңартуды қамтамасыз етті. Алғашқы жедел жәрдем көліктері Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларына және Солтүстік Қазақстан облысына тапсырылды, деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.

Бүгінде 18 бірлік отандық жедел жәрдем көлігі Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне берілді. Қыркүйек айының соңына дейін Қазақстанның барлық өңірлеріне отандық өндірістің 360 бірлігі жеткізіледі.

Жалпы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен өңірлердің медициналық мекемелерінің санитарлық көлік паркін жаңарту бағдарламасы бойынша 1 167 бірлік санитарлық автокөлік жеткізу жоспарланған, олар биылғы жылдың соңына дейін жеткізіледі.

Санитарлық көлікті жаңарту бағдарламасына "СарыарқаАвтоПром" ЖШС, "СемАз" ЖШС және "Hyundai Trans Auto" ЖШС отандық өндірушілері қатысуда.

Жаңа жеткізілімдер "Jac Sunrey", "Hyundai H350" және "ГАЗель NEXT" отандық автомобильдерінен тұрады.

Бүгінде Қазақстан зауыттарында 700-ге жуық маман жұмыс істеп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу