Нұр-Сұлтан, Атырау мен Алматыда ұн бағасы қатты қымбаттаған

2647

Ал ең төменгі баға Павлодарда болды, мұнда ұн бағасы келісіне 194 теңге. 

Нұр-Сұлтан, Атырау мен Алматыда ұн бағасы қатты қымбаттаған

Қаңтар-наурыз айларында ұн өндіру көлемі 881,4 мың тоннаны құрап, бір жылмен салыстырғанда 8,9%-ға өсті. Дегенмен бұл 2018-2019 жылдармен салыстырғанда аз, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

Өндіріс көлемінің ұлғаюына қарамастан, ұн бағасы 2020 жылғы наурызда 23,3%-ға қымбаттаса, биылғы наурызда өткен жылмен салыстырғанда 15%-ға өсті.

Наурызда Қазақстан қалаларында жоғары сапалы ұнның орташа бөлшек сауда бағасы келісіне 279 теңгені, бірінші сұрыпты ұнның келісіне 191 теңгені құрады. Оның ішінде ұнының ең жоғары бағасы елордада келісіне 343 теңге, Атырауда 327 теңге және Алматыда 312 теңге болды. Ең төменгі баға Павлодарда 194 теңге.

Айта кетейік, тапшылық пен бағаның айтарлықтай өсуіне жол бермеу үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі 16 сәуірден 15 маусымға дейін ұн экспортына шектеу енгізді.

Ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айларында Қазақстан 104,8 млн АҚШ доллары сомасына 284,6 мың тонна бидай немесе қара бидай ұны экспорттады. Ауғанстан 204,9 мың тонна, Өзбекстан 56,6 мың тонна көлемінде біздің ұнның негізгі импорттаушылары болды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу