"Нұр-Сұлтан әуежайында 2022 жылдың 15 шілдесі мен 8 тамызы аралығында жергілікті уақыт бойынша сағат 11.00-ден 18.00-ге дейін ұшу-қону жолағында жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Осыған байланысты әуежайдың жұмыс тәртібі өзгереді", – деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметі.
Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бұл жөндеу жұмыстары жыл сайын жүргізіледі.
"Жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы шешімді әуежай биылғы жылдың ақпан айында қабылдады, содан кейін бұл жұмыстардың кестесі туралы ақпарат әуе компанияларына дер кезінде жіберілді. Әуе тасымалдаушылары әуежайдан алынған хабарлама негізінде ұшу кестесіне өзгерістер енгізді. Әуежай ережелерін өзгерту әлемдік тәжірибе болып табылады және оны әлемнің барлық әуежайлары жүзеге асырады", – деп толықтырды әуежайдың баспасөз қызметі.