Нұр-Сұлтан әуежайының бұрынғы қызметкерлеріне қатысты сот шешімі шықты

840

1 млрд 600 млн теңге жымқыру фактісі бойынша істі болған Нұр-Сұлтан әуежайының бұрынғы қызметкерлері 7 жылдан 11 жылға дейін сотталды.  

Нұр-Сұлтан әуежайының бұрынғы қызметкерлеріне қатысты сот шешімі шықты

Сот бас бостандығынан айыру мерзімінің ең үлкені яғни, 11 жылды бас есепші болған Бабашеваға белгіледі. Ал ақша ұрлығына қатысқан оның күйеуі 8 жылға бас бостандығынан айрылды. Өзге 5 сыбайласының әрқайсысы 7 жылдан мерзім арқалады. Сондай-ақ  олардың 312 млн теңгеге бағаланған дүние-мүліктері мен 40 млн-нан астам ақшалары келтірілген залалды өтеуге жұмсалады. Қылмыстық істің материалдарында аталған тұлғалар алдын-ала келісім жасау арқылы жалған құжаттар дайындап, 1,6 млрд теңгені 33 фирманың есеп-шоттарына аударғаны көрсетіледі. Артынша, қомақты қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу