Нұр-Сұлтан әуежайының коды 2020 жылы өзгереді

1383

Министрліктің мәлімдеуінше, өзгерістер 2020 жылдың қаңтарында күшіне енуі қажет. Содан кейін IATA кодтың соңғы нұсқасын бекітеді.

Нұр-Сұлтан әуежайының коды 2020 жылы өзгереді Фото: sputniknews.kz

ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Нұр-Сұлтан әуежайының коды қашан өзгеретінін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазір әуежайдың үш әріптен тұратын кодын өзгерту бойынша жоспарлы жұмыс жүріп жатыр.

"Биыл 14 қазан күні Варшавада (Польша) IATA Жолаушы тасымалдау стандарттары жөніндегі жиналысы (Passenger Standards Meeting) отырыс өткізді. Оған IATA-ның барлық мүшесі қатысты. Шарада Қазақстанның IATA-ның №763 Қарарына өзгертулер енгізу жөніндегі бастамасы қолдау тапты. Бұл Нұр-Сұлтан әуежайының үш әріптен тұратын кодын (TSE) өзгертуге мүмкіндік береді", – делінген хабарламада.

Қазір астана әуежайының жаңа кодына бірнеше нұсқа ұсынылған. Соңғы нұсқа талқыланып жатыр.

763-қарарға өзгерту енгізу біраз уақытты қажет етеді. Министрліктің мәлімдеуінше, өзгерістер 2020 жылдың қаңтарында күшіне енуі қажет. Содан кейін IATA кодтың соңғы нұсқасын бекітеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу