Нұр-Сұлтан ауруханаларында 90 пайыз төсек бос емес – Ләззат Ақтаева

935

Өңірлерде төсек жеткілікті.

Нұр-Сұлтан ауруханаларында 90 пайыз төсек бос емес – Ләззат Ақтаева

Тұрғындардан жедел жәрдем қызметінің қоңырауларды елемеуі, ауруханалардың індет күдігімен жүгінген адамдарды кері қайтарып жатқаны туралы шағым көп түсіп жатыр. Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Ләззат Ақтаева осыған байланысты түсініктеме берді.

"Коронавирус жұқтырған науқастың жағдай орташа ауыр деңгейге жатса,  инфекциялық стационарда емделуі керек. Науқас коронавирус жұқтыру күдігімен жүгінген жағдайда ғана медициналық ұйымдар оны провизорлық стационарға бағыттай алады. Осыдан кейін ПТР-тестілеу қорытындысында күдік расталса, инфекциялық стационарға ауысады. Егер сырқаты симптомсыз немесе жеңіл деңгейде болса, үйде оқшауланады. Медициналық мекемелер арасындағы науқас алмасу екі жақтың келісімен жүруі керек", – деген министрлік өкілі ел ауруханаларындақанша төек орныбар екенін мәлімдеді. 

"Өңірлерде төсек жетіспеушілігі жоқ. Тек Нұр-Сұлтан қаласында төсектердің шамамен 90 пайызы бос емес. Бірақ бұл мәселені қалалық мекемелерден бөлек республикалық медицина мекемелерін тарту арқылы шеше аламыз. Жалпы еліміз бойынша 36 684 төсек орны бар. Оның ішінде 8169 инфекциялық, 8069 провизорлық, 20446 карантиндік төсек орны бар. Соңғы күндері инфекциялық төсек саны 9,7 пайызға, провизорлық төсек саны 23 пайызға көбейтілді", – деді ол.

Есжан Ботақара

Фото: Mir24.tv

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу