Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында ғимарат жеке инвестиция есебінен салынатынын мәлім етті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
"Биыл елордада емхана ашылады. Емхана әдеттегі функционалдық міндеттеріне қоса, пандемия кезеңінің барлық талаптарына сәйкес келеді. Онда аймақтар "лас" және "таза" деп бөлінген; ішке айдау желдеткіш жүйесі, телемедицинаға арналған конференц-зал және т. б. бар. Жаңғыртылған емхана Есіл ауданында орналасқан. Бұған дейін ауданда тек бір - №9 емхана болатын. Басқа медициналық ұйымдардың болмауына байланысты №9 емханаға жүктеме шамадан тыс артылып келді",– дейді қала әкімі.
Емхана толығымен жеке инвестициялар есебінен салынған.