Қаумалаған жұртшылықтың видеосы желіде тарады. Автор атап өткендей, кейбір адамдар тіпті эскалаторда құлаған.
"Ескі ғимараттың кіре берісіне ағылған жолаушының бәрі сыймасы анық", – делінген хабарламада.
"Қазақстан темір жолы "ҰК" АҚ баспасөз қызметі болған оқиғаға пікір білдірді, деп жазады inbusiness.kz сайты stan.kz-ке сілтеме жасап.
"14 қаңтарда қолайсыз ауа райына байланысты автомобиль жолдары жабылды. Сәйкесінше адамдар діттеген жеріне пойызбен жетпек болған. Осыған байланысты вокзалда жолаушылар ағыны едәуір өсті", – делінген хабарламада.
Сонымен қатар мамандар қазір вокзал штаттық режимде жұмыс істейтінін атап өтті.
"Вокзалдағы кезекшілер жолаушылар ағынын реттеу бойынша шаралар қабылдады. Алайда жолаушылар кезек пен қауіпсіздік техникасын сақтамады. Сол себепті жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін эскалатор дереу тоқтатылды", – деді "Қазақстан темір жолы "ҰК"АҚ баспасөз қызметі.