Нұр-Сұлтан: Инвесторлар "Жағалау" шағын ауданында үлкен ойын-сауық кешенін салады

684

Шыңғыс Айтматов көшесінің бойы қаладағы тіршілігі қауырт жақсы аймақтың біріне айналады.

Нұр-Сұлтан: Инвесторлар "Жағалау" шағын ауданында үлкен ойын-сауық кешенін салады

Елорданың "Жағалау" шағын ауданында үлкен ойын-сауық кешені салынады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданының әкімі Берік Жәкенов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Facebook-тегі Астананың адалдық алаңы парақшасында өткен онлайн брифинг барысында аудан әкімі "Жағалау" шағын ауданынан бастау алатын Шыңғыс Айтматов көшесінің жалғасы қашан салынып бітетінін айтты.

"Ұлы дала даңғылына дейін созылатын Шығыс Айтматов көшесінің мердігері - Құлагер компаниясы. Олар осы құрылыс маусымында жұмысты аяқтауға тиіс. Себебі аталған аумаққа ірі инвестор келетін болады", – деді ол.

Сонымен қатар ол "Жағалау" шағын ауданы, Шыңғыс Айтматов көшесінің бойы қаладағы тіршілігі қауырт жақсы аймақтың біріне айналатындығын айтты.

"Комиссия құрамында болған едім. Инвесторлар ол жерде үлкен ойын-сауық орталығын салғылары келеді. Тұрғындар да сол жерге қоғамдық кеңес орналастыруға қолдау көрсетіп отыр. Жақсы ойын-сауық кешені салынады", – деді Берік Жәкенов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу