Нұр-Сұлтан қалалық сот төрағасының коронавирус жұқтырғаны рас па?

1390

Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы пікір білдірді.

Нұр-Сұлтан қалалық сот төрағасының коронавирус жұқтырғаны рас па?

Сәуле Қисықова Нұр-Сұлтан қалалық сот төрағасы Тілектес Бәрпібаев Германияда коронавирус жұқтырды деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

"Мынаны атап өткім келеді. Нұр-Сұлтан қаласының денсаулық сақтау басқармасы да, тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті де ресми түрде Қазақстанға келген жолаушылар бойынша жұмыс істейміз. Біздің жұмыс регламент бойынша белгіленген. Елдердің 3 санаты бар. Біріншісі – "А" санаты. Осы санаттар бүгін қайта қаралады. Сондықтан, осы санаттарға сәйкес, берілген жолаушылар тізімі бойынша байланыс контактілік жұмыстар  жүргізіп жатырмыз. Бізге берілген тізімге сәйкес, кешеге дейін Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус инфекция тіркелмеген болатын. Сондықтан әлеуметтік желідегі мәліметті растауға негіздеме жоқ бізде", – деді Сәуле Қисықова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу