Нұр-Сұлтан қаласы 2023 жылға қарай толықтай газбен қамтамасыз етіледі

844

Нұр-Сұлтан қаласын газдандыру жұмыстары үш кезеңге бөлінген, яғни 2020 жылдан бастап 2023 жылға дейін іске асырылатын болады.

Нұр-Сұлтан қаласы 2023 жылға қарай толықтай газбен қамтамасыз етіледі

Energyprom.kz басылымының мәліметі бойынша, 2019 жылдың қаңтар және желтоқсан айларында табиғи газ өндірісінің көлемі 56,4 млрд шаршы метрге жеткен. Бұл 2018 жылғы көрсеткіштен 1,7%-ға көп. 

Оның 34,3 млрд шаршы метрі (+4,4%) мұнай газына , ал 22,2 млрд шаршы метрі (−2,2%) газ тәрізді табиғи отынға тиесілі.

Табиғи газ өндірісінің өсімі үш облыста байқалып отыр: Атырау (+6,1%, 25,1 млрд шаршы метр), Ақтөбе (+1,5%, 7 млрд шаршы метр) және Жамбыл (+0,3%, 0,4 млрд шаршы метр). Ал Батыс Қазақстан облысында, керісінше, қысқарды: өндіріс көлемі 2,2%-ға азайып, 19,6 млрд шаршы метрді құрады.

2020 жылдың қаңтар айында өндіріс көлемі 5,2 млрд шаршы метр болды. Бұл былтырғы көрсеткіштен 2,3%-ға көп. 

Өндірілген табиғи газдың жалпы құны 32,3 млрд теңгені құрады. 2018 жылы 35,7 млрд теңге болған еді. 

2020 жылдың қаңтар айында газдың 1 шаршы метрі 18,7 теңге болды. Бұл 2018 жылғы көрсеткіштен 5,7%-ға арзан. 

Сұйытылған газ бағасы қаңтар айында 1,9%-ға төмендеп, 1 килограмы 152,2 теңге болды. 2019 жылдан бері 2,6%-ға арзандапты. 

Нұр-Сұлтан қаласын газдандыру жұмыстары үш кезеңге бөлінген, яғни 2020 жылдан бастап 2023 жылға дейін іске асырылатын болады. Жоспар бойынша, келесі жылу беру маусымына дейін ТЭЦ-1, 2, 3, Коктал-1, 2, Агроқалашық, Промышленный, Железнодорожный, Оңтүстік-Шығыс аудандары газбен жабдықталмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу