Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің екі лауазымды тұлғасы сотталды

1097

Алты мемлекеттік қызметкерге қатысты іс сотқа жолданды.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің екі лауазымды тұлғасы сотталды

"Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Нұр-Сұлтан қалалық департаментінің қызметкерлері түрлі салада 40-тан астам сыбайлас жемқорлық фактісін анықтады. Оның 8-і жергілікті басқару органының лауазымды тұлғаларына қатысты болды. Олардың екеуі сотталды", – деді департамент басшысы Әділ Әубәкіров.

Оның сөзінше, департамент жүйелі түрде ұйымдастырылған сыбайлас жемқорлықтың - 3, шағын және орта бизнеске заңсыз араласудың – 20, мемлекеттік бағдарламалар саласындағы құқық бұзушылықтың – 19 фактісін анықтаған. Нәтижесінде мемлекеттік бюджетке 6,6 млрд теңге қайтарылған. 

"Есіл аудандық №2 сотының шешімімен "Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданы әкімінің аппараты" ММ өндірістік-техникалық бөлімінің бас маманы Д.Елеусізов Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 24-бабы 3-бөлігінің 190-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Ол өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды және оған 3 млн теңге айыппұл салынды", – деді Әділ Әубәкіров.
Қазір бюджет қаражатын жымқырған "Коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне қатысты іс тергеліп жатыр екен. 

"2016 жылы желтоқсан айында мемлекеттік мекеме мен "Туркуаз УДА" ЖШС Астана қаласында 1500 адамға арналған амфитеатр салу туралы келісімге қол қояды. Жобаға 3,8 млн теңге бөлінеді. Нысан 2019 жылы 29 желтоқсанда пайдалануға беріледі. Сотқа дейінгі тергеу амалдары кезінде амфитеатрдың монолит қаңқасы 2014 жылы рұқсат беру құжатынсыз бой көтергені анықталды. Сараптама қорытындысы мемлекетке 149 млн теңге залал келгенін анықтады", – деді департамент басшысы.

Әділ Әубәкіров "Астана Энерго" АҚ-ға қатысты қозғалған қылмыстық іс туралы да хабарлады.  

"2015 жылы "Астана Энерго" АҚ басшылары "Тесла" ЖШС-мен мемлекеттік сатып алу аясында 8 жабдық сатып алу туралы келісімді рәсімдеген. Сатып алу құны 50 млн теңгеге қымбат болған. Акционерлік қоғам көрсетілген қаражатты ЖШС-ға аударған", – деді ол. 
№1 перинаталдық орталық та сыбайлас жемқорлықтан ада емес екен. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу