Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 22 нысан карантинге жабылды

856

№1 автопарк, екі жатақхана, 10 кіреберіс, үш денсаулық сақтау нысаны карантинге алынды.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 22 нысан карантинге жабылды

Елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сарқыт Бейсенованың шешіміме сәйкес Абылайхан – Рысқұлбеков – Мүсірепов – Мұстафин көшелерінде шектеу шаралары енгізілді. Периметрде қоршау белгілері орнатылды, полиция кезекшілік атқарып жатыр, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

Аумақта орналасқан 9 үй карантинге жабылды: Мүсірепова 4, 7, 7/1 к-рі, Рысқұлбекова 4/1, 4/3, 16/1, 8а, Мұстафина 21, 21/5 к-рі. Бұл үйлердің тұрғындарына жақын маңдағы азық-түлік дүкендеріне ғана шығуға болады. Қалған жағдайларда үйден шығуға қатаң тыйым салынады. Дәрі-дәрмектерді тек тапсырыспен алуға болады.

Аумақта кең көлемді дезинфекция жұмыстары жүргізіліп жатыр. Абылайхан – Рысқұлбеков – Мүсірепов – Мұстафин көшелерінде орналасқан үйлерде коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдар тұрғандықтан, бұл аумақ карантинге жабылды.

16 сәуірдегі деректерге сәйкес Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 22 нысан карантинге жабылды. Олар: 4 денсаулық сақтау нысаны, 2 жатақхана, "Шарапат" әлеуметтік қызмет көрсету орталығы, Ұлы-Дала 17/1 көшесі, 38 к-сі д.10, Е-10 көшесі д.2, Бастөбе 33 көшесі, Сығанақ көшесі, 18/1, А.Чехов көшесі 40, Мүсірепов көшесі 7, Рысқұлбеков 8а, Брусиловского көшесі 18, 187 д.20, Иманова көшесі 41, Абылайхан – Рысқұлбеков – Мүсірепов – Мұстафин көшелерінде орналасқан үйлер.

Нұр-Сұлтанда №1 автопарк, екі жатақхана, 10 кіреберіс, үш денсаулық сақтау нысаны карантинге алынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу