Нұр-Сұлтан қаласы карантинге жабылмайды

1026

"Covid-19" вирусының өршуіне байланысты Нұр-Сұлтан қаласы қауіптің сары сызығына енгені белгілі. Бірақ пандемияға байланысты бас шаһар жабылмайды, дегенмен қосымша карантиндік шаралар енгізілуі мүмкін. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов хабарлады.

Нұр-Сұлтан қаласы карантинге жабылмайды

Оның айтуынша, пандемияға қарсы іс-шаралар елордада күшейтілген. Вирус тарала бастаған алғашқы сәтте күніне 17 ПЦР-тесті жасалса, қазір тәулігіне 11 мың тест жүргізіледі. Шет мемлекеттерден ұшып келген жолаушылар да вирусқа қатаң тексеріледі. Олардың қолында арнайы анықтамасы жоқ болса, онда карантинге жіберіледі.

"Қазіргі күні тұрғындар да өз денсаулығына жауапкершілікпен қарай бастады. Біз пандемияның келесі толқынына дайынбыз. Вирус көбейген жағдайда Нұр-Сұлтанда локдаун болмайды, бірақ карантин шаралары күшейтіледі", – деді әкім.

Қымбат Нұрғали

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу