Нұр-Сұлтан қаласы маңындағы айналма автожол ашылды

1006

Автожолды ашу рәсіміне Үкімет басшысы қатысты.

Нұр-Сұлтан қаласы маңындағы айналма автожол ашылды

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин ұзындығы 87 шақырым болатын Нұр-Сұлтан қаласының маңындағы айналма автожолды ашу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды primeminister.kz.

"ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев елорданың дамуына ерекше назар аударады. Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтан қаласының көлік инфрақұрылымын дамыту аясында біз өте маңызды оқиғаға куә болып отырмыз – елорда маңындағы ұзындығы 87 шақырым болатын айналма жол бойымен толық қозғалыс ашылуда",– деді Асқар Мамин.

Үкімет басшысы "шұғыла" қағидаты бойынша елордадан Оңтүстік – Орталық, Орталық – Шығыс, Орталық – Батыс бағыттарында қауіпсіз әрі сапалы автомобиль жолдарының жобалары іске асырылып жатқанын, бұл еліміздің оңтүстігінен солтүстігіне және батысынан шығысына тура өтуді қамтамасыз ететінін атап өтті.

Автожолды ашу рәсімі аясында Үкімет басшысы "ҚазЖолҒЗИ" АҚ ғылыми-зерттеу институты мен бірқатар қазақстандық компания ұсынған автожол саласындағы жаңа технологиялармен және материалдармен танысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу