Нұр-Сұлтан қаласы сотының төрағасы болып Ақан Жұмағұлов тағайындалды

563

Бұрын Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасын басқарған Ақан Жұмағұлов Президенттің 2022 жылғы 11 шілдедегі Жарлығымен елорданың қалалық сотының төрағасы қызметіне тағайындалды, деп жазады inbusiness.kz.

Нұр-Сұлтан қаласы сотының төрағасы болып Ақан Жұмағұлов тағайындалды

Бүгін ҚР Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Әбдірашит Жүкенов ұжымға жаңа басшыны таныстырды. 

Сондай-ақ осы Жарлықпен тағайындалған аудандық соттардың төрағалары мен елордалық қалалық соттың судьялары да таныстырылды.

Есіл аудандық сотының төрағасы болып Алмас Сәлімов, Есіл ауданының №2 аудандық сотының төрағасы болып Дәуренбек Даумов тағайындалды.

Нұр-Сұлтан қаласы сотының судьясы лауазымына Айбек Әмірғалиев, Гүлнәр Дәулешова, Анар Кәрімова тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу