Нұр-Сұлтан қаласына қосымша 300 мыңнан астам бетперде әкелінді

1541

Өткен аптада қала дәріханаларына 450 мың медициналық бетперде жеткізілген болатын. 

Нұр-Сұлтан қаласына қосымша 300 мыңнан астам бетперде әкелінді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау аясында 23 наурыз күні астанаға қосымша 300 мыңнан астам медициналық бетперде әкелінді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің  ресми сайты.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен Тұңғыш Президенті қоры Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына 50 мың медициналық бетперде жіберді.

Қала әкімдігі "СҚ-Фармация" компаниясымен бірлесе бетперде мен антисептиктерді жеткізу бойынша мәселені дистрибьюторлармен  ұзақ мерзімді негізде жолға қойды. Құны 56 теңгеге бекітілген бетперделерді келесі мекенжайлардағы дәріханалардан алуға болады: "Хан Шатыр", "Азия парк"  СОО, "Мәскеу" БО, "Хайвилл", "Нұрсая", "13 магистраль", "7Я",  "Лазурный квартал",  "Променад Экспо" ТК, №10 емхана,  "Аружан" СОО, "Экспо Плаза" ТК, "Триумфальная арка" ТК, Бараева, Сармат-1, Достар-3, Империал, Иманбаева 8, №6 емхана, "7 континент" ТК, "Визит" ТК, "Қайнар" БО, Тұран 55, Магнум (Алаш ш 23/1) және т.б.

Өткен аптада қала дәріханаларына 450 мың медициналық бетперде жеткізілген болатын.

Естеріңізге сала кетейік, дәріханаларда бір адамға 5 маскадан артық берілмейді. Медицина, полиция, әлеуметтік және қала тіршілігін қамтамасыз етуші нысандардың қызметкерлері медициналық бетпердемен, антисептиктермен және басқа да қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу