Нұр-Сұлтан қаласында 1 156 адам стационарлық ем қабылдап жатыр – Сәуле Қисықова

987

Чартерлік рейспен келген жолаушылардан биоматериал алынды.  

Нұр-Сұлтан қаласында 1 156 адам стационарлық ем қабылдап жатыр – Сәуле Қисықова

Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова коронавирус пандемиясына қатысты 26 наурыз сағат 18:00-дегі жағдай бойынша мәлімдеме жасады.

Басқарма басшысының баяндауынша, 1156 науқас стационарлық ем қабылдап жатыр. Оның 80-і жас бала.

"Нұр-Сұлтан қаласында 61 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Бүгінгі таңда тиісті медициналық шаралар қолданылып жатыр", – деді Сәуле Қисықова.

Оның сөзінше, шет мемлекеттен 18 чартерлік рейспен келген 1 483 жолаушы  тексеріліп, олардан биоматериал алынған.

"Шетелден келген жолаушыларды тексеру барысында 3 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Науқастар бірден ауруханаға жөнелтілді. Олармен қарым-қатынаста болған адамдар оқшауланды", – деді басқарма басшысы.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу