Нұр-Сұлтан қаласында 22 автобустың жүру бағыты өзгерді

726

16 шілде - 15 тамыз аралығында М-1 көпірінде жөндеу жүргізілуіне байланысты автобустар бағдары өзгерді, деп хабарлайды inbusiness.kz CityTransportationSystems компаниясына сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан қаласында 22 автобустың жүру бағыты өзгерді

Мәңгілік ел даңғылындағы жол жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты, № 12, 15, 15А, 18, 19, 21, 28, 30, 32, 35, 40, 43, 46, 47, 50, 51, 52, 54, 56, 60, 61, 70 бағдарларының қозғалыс сызбасына уақытша өзгертулер енгізілді.

Бағдарлардың өзгерген қозғалыс сызбасымен суреттен қарап таныс бола аласыздар.

16 шілде - 15 тамыз аралығында М-1 көпірінде жөндеу жүргізіледі. Осы уақытта М-1 көпірінің Бауыржан Момышұлы даңғылынан бастап Мәңгілік ел даңғылы – Сарайшық көшесі қиылысындағы көлік айырымына дейінгі бөлігі қозғалыс үшін ішінара жабылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу