Нұр-Сұлтанда карантин талабын бұзған тұрғынға ірі көлемде айыппұл салынды

882

"Ashyq" жүйесіндегі статусы "қызыл" бола тұра дәмханаға барған елорда тұрғынына айыппұл салынды, деп хабарлайды Atameken Business.

Нұр-Сұлтанда карантин талабын бұзған тұрғынға ірі көлемде айыппұл салынды

Карантин талабын сақтамайтындарға заң бойынша 30 айлық есептік көрсеткіш түрінде жаза қарастырылған. Бұл дегеніміз 87 мың  510 теңге.

Жалпы, Нұр-Сұлтан қаласында жыл басталғалы үй карантинін бұзған 4 мың 39 тұрғын анықталған. Олардың көбі "Ashyq-тағы" мәртебесі "қызыл" немесе "сары" екенін білсе де, қоғамдық орындарға барған. Санитарлық- эпидемиологиялық бақылау департаменті ПТР анализі оң және "сары" мәртебесі бар астана тұрғындарын 14 күндік карантинді қатаң сақтауды ескертеді.

Ал Алматыда вирус жұқтырғандар саны соңғы бес күнде 110-нан 215-ге дейін өскен.

Шаһарда Үнді штамының таралуына байланысты Бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы бүгіннен бастап өз күшіне енеді.

Оңтүстік өңірде эпидахуал күн сайын нашарлап барады. Өткен аптада тәулігіне 110 адамнан вирус анықталса, қазір ол көрсеткіш 215-ке дейін жетті. Толығырақ:

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу