Елордада көппәтерлі тұрғын үйлердің кіреберістері мен жалпыға ортақ пайдалану орындары дезинфекцияланып жатыр, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.
Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында күн сайын кіреберістер, есіктер, лифтілер, сүйеніштер, терезе жақтаулары және т. б. дезинфекцияланады.
Қаланың әлеуметтік нысандарында, әуежайда, вокзалдарда, базарларда, сауда үйлерінде, сауда ойын-сауық және адамдар көп жиналатын жерлерде санитарлық-дезинфекциялық режим күшейтілді. Сонымен қатар автобустар мен коммуналдық қызметтердің машиналары да дезинфекциядан өтеді.
Елордада коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша шаралар қабылданды: жедел штаб жұмыс істеп жатыр. Коронавирустық инфекция жағдайлары анықталған кездегі іс-қимыл алгоритмі әзірленді.