Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Нұр-Сұлтан қаласы мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Нұран Қамзин хабарлады, деп жазды inbusiness.kz.
"22 наурызда сағат 11:00-ден 15:00-ге дейін барлық ауданда, соның ішінде елорданың елді мекендерінде "Наурыз Думан" мәдени іс-шаралар ұйымдастырылады. Іс-шарада ведомстволық бағынысты ұйымдардың әртістері мен шығармашылық ұжымдардың қатысуымен концерттік бағдарламасы қарастырылған. Сондай-ақ жиналған жұрт ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстарға қатыса алады, оның ішінде, арқан тарту, асық ату, тоғыз құмалақ және т.б. Бұл күні мерекенің басты белгісі – Наурыз көже ұлттық тағамы да жұртшылыққа таратылады", – деді спикер.
Құралай Құдайберген