Нұр-Сұлтан қаласында сот сараптама институты салынып жатыр

1131

Сараптама органдары қызметкерлерінің еңбек ақысы 30%-дан 45%-ға көтерілді.

Нұр-Сұлтан қаласында сот сараптама институты салынып жатыр

Әділет министрі Марат Бекетаев халыққа есеп беру кездесуі барысында сот сараптамасы саласының жұмысына тоқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Бас прокуратура және Ішкі істер министрлігімен бірлескен бұйрық шеңберінде Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, Қостанай және Павлодар облыстарында қылмыстық істер бойынша жекелеген сараптама түрлерін бәсекелестік ортаға беру жөніндегі пилоттық жоба іске қосылды. Осылайша, 3490 сараптама жүргізілді. Жоба оң нәтиже көрсетті", – деді спикер. 

Осылайша сараптама жүргізудің мерзімі қысқарып, мемлекеттік сарапшыларға ауыртпалық төмендетілген.

"Бұл бағыттағы жұмыс сараптама түрлерінің және республиканың аумақтарының санын ұлғайту жолымен жалғасатын болады. Сот сараптама органдарының инфрақұрылымын жаңғырту мақсатында Нұр-Сұлтан қаласында осы бағыттағы институтының үлгілік ғимаратының құрылысы салынуда. Сараптамасы органдары медициналық қызметкерлеріне зиянды еңбек жағдайы үшін 30%-дан 45%-ға дейін қосымша еңбек ақысы көтерілді. Әлеуметтік жағдайды жақсарту мақсатында жалақы төлеудің факторлық-балдық шкала жүйесі енгізілді", – деді министр. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу