Нұр-Сұлтан қаласында "Жанұя" отбасы институтын қолдау орталығы ашылды

2340

Орталық қала тұрғындарына "бір терезе" қағидасы бойынша 70-тен астам мемлекеттік қызмет көрсетеді. 

Нұр-Сұлтан қаласында "Жанұя" отбасы институтын қолдау орталығы ашылды

Елорда әкімі А. Көлгінов пен ҚР вице-премьері Б. Сапарбаев жаңа "ЖАНҰЯ" атты отбасы институтын қолдау орталығының жұмысымен танысты. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласын әкімдігінің ресми сайтында жарияланды. Тұрғындар аталмыш орталықта АӘК алу, білім алу, жұмысқа орналасу, өз ісін ашу, балаларды кезекке қою, тұрғын үй бағдарламаларына қатысу және т. б. сұрақтарға жауап ала алады.

"Біз әкімдікте басқарма басшылары мен аудан әкімдерінің қатысуымен өткізілетін азаматтарды қабылдау жүргізудеміз. Тұрғындарды қабылдау жүйелі түрде өтіп тұрады. Екі айда мен жеке өзім 300-ден астам адамды қабылдадым. Тұрғындар бізден кез-келген күні келіп, толғандыратын сұрақтарға жауап ала алатын орталық ашуды сұрады. Көптеген адамдар бізге жұмысқа орналасу және білім алу мәселелерімен жүгінеді. Мәселен, қосымша білім алу үшін қандай курстардан өту керек, "Бақытты отбасы" тұрғын үй бағдарламасына қалай қатысуға болатындығы туралы жиі сұрақтар қояды. Осы орталықта да азаматтарды жеке қабылдайтын боламын", – деді А. Көлгінов.

Мемлекеттік қызмет көрсету орталығында 30-ға жуық маман жұмыс істейді, сондай-ақ психологтар мен медиаторлар бар. Мекемеде барлық жағдай жасалған: ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған лифтілер бар, балалар үшін арнайы ойын аймағы ашылған, орталық қызметкерлері балаларға қарайды. Мамандар өз ісін ашуға көмек көрсетеді, кәсіпкерлер мотивациялық бизнес-тренингтер өткізеді.

Сонымен қатар, орталық базасында қала әкімінің ашық қоғамдық қабылдауы жұмыс істейді. Сондай-ақ аудан әкімдері, басқармалар мен басқа да ұйымдардың басшылары кестеге сәйкес азаматтарды қабылдайды. Орталық сағат 9.00-дан 18.00-ге дейін жұмыс істейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу