Нұр-Сұлтан қаласының әкімі "Территория Комфорта-2" тұрғын үй кешеніне барды

1060

ТК екі 24 қабатты мұнарадан тұрады. Үлескерлердің жалпы саны - 437 адам.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі "Территория Комфорта-2" тұрғын үй кешеніне барды

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі кешкі қаланы аралау кезінде Асан Қайғы-Хумар Қараш-Тараз-Ағыбай батыр көшелерінде орналасқан "Территория Комфорта-2" тұрғын үй кешеніне барды, деп хабаралайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің сайты.

ТК екі 24 қабатты мұнарадан тұрады. Үлескерлердің жалпы саны - 437 адам.

Бұл үй әлі пайдалануға берілмегендігіне қарамастан, үлескерлер 2014 жылы қоныстанып алған. Тұрғын үй кешенінде жобалау-сметалық құжаттама, өрт сөндіру және түтін шығару жүйелері жоқ. Жылу трассасы мен сыртқы су құбыры желілері қаланың балансына берілмеген.

Тұрғындардың айтуынша, электр қуаты, жылу және сумен қамтамасыз ету үйге уақытша қосалқы станция арқылы келеді. "Бір қосалқы станцияға күніміз қарап отыр. Егер ақаулар бола қалса, онда үйдегі электр қуаты өшіп қалады. Қатты жел кезінде үйдің плиткалары құлап жатады. Басымызға бірнәрсе түсіп кетпей ме деп әрдайым жоғары қарап алаңдаумен боламыз. Үйдің пандусы отырып жатыр", - деді үй тұрғындары.

 Қала басшысы бірінші кезекте жобалық-сметалық құжаттаманы жүргізу қажеттігін атап өтті. "Үйді пайдалануға беру үшін жобалық-сметалық құжаттаманы жүргізу қажет.  Үйге, сыртқы қаңқаға, пандусқа техникалық тексеру жүргізу керек", - деді А. Күлгінов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу