Нұр-Сұлтан қаласының атын ауыстыру референдумда неге қаралмағанын заңгер түсіндірді

3110

Қаланың атын ауыстыру туралы қоғамнан көп ұсыныс түскен.

Нұр-Сұлтан қаласының атын ауыстыру референдумда неге қаралмағанын заңгер түсіндірді

Бұл туралы Еуропалық құқық және адам құқықтары сарапшылық институтының директоры Марат Башимов орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"Елбасы" статусын алудың өзі қиын болды. Конституциялық кеңес өткізбейміз деді. Сосын президент "теңдік болуы керек" дегеннен кейін референдумға енді. Ал мына сұрақтар (астана атауын өзгерту – авт.) қалып қойды", – деді Башимов.

Оның айтуынша, әлі де кеш емес.

"Референдумнан басқа да тәсілдер бар. Мысалы, парламент арқылы да өзгерістер енгізіледі. Сондықтан кез келген өзгерісті бір аптада қабылдай салуға болады", – дейді заңгер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу