Қаулы Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімі негізінде қабылданды.
Жаңа құжат 28 тамыз күні сағат 00:00-де күшіне енді.
Елорданың қоғамдық көлігі жұмыс күндері және сенбі күндері штаттық режимде жұмыс істейтін болады. Сондай-ақ, демалыс күндері "Ashyq" жобасына қатысатын бірқатар нысанның қызметіне рұқсат етіледі. ХҚО-лардың, жеке медициналық ұйымдардың жұмыс кестесі өзгертілді.
Мектепке дейінгі балалар ұйымдарының жұмысын енді ғимараттың жобалық қуатына сәйкес әрбір топтың толтырылуымен қамтамасыз етуге болады.
Қаулының толық мәтінін мына жерден оқи аласыз.