Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарынан 470 қару тәркіленді

1295

Азаматтық қаруды сақтау және алып жүру заңды негізде рұқсат алған азаматтарға рұқсат етіледі. 

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарынан 470 қару тәркіленді

Жыл басынан тәртіп сақшыларымен азаматтық қарудың сақталу және тіркеу ережелерін бұзғандары үшін 470 қару тәркіленіп, қару иелері әкімшілік жазаға тартылған.

"Учаске" жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу аясында учаскелік полиция инспекторы азаматтық қару иесін тексеру барысында, қаруды сақтау шарты, атап айтқанда, қаруды сақтау үшін металл сейфті бекітпеу, сондай-ақ, дабылдың жұмыс істемеу жағдайы бойынша бірқатар бұзушылықты анықталды, деп жазылған ПД баспасөз қызметі хабарламасында.

Осылайша, ҚР ӘҚБтК-нің 484-ші бабы "Азаматтық, қызметтік, наградалық, коллекциялық қаруды, оның патрондарын сатып алу, беру, есепке алу, сақтау, пайдалану, тасымалдау, Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, Қазақстан Республикасының аумағынан әкету және Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзит тәртібін бұзу" бойынша "Б" есімді азамат 10 АЕК көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар "Винчестер" маркалы аңшы мылтығы тәркіленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу