Нұр-Сұлтан: Карантин тәртібін бұзғандарға 133 миллион теңге айыппұл салынды

663

Елордада шағын және орта бизнес субьектілеріне күнделікті рейд жалғасуда.

Нұр-Сұлтан: Карантин тәртібін бұзғандарға 133 миллион теңге айыппұл салынды Фото: astana.gov.kz

Өткен демалыс күндері полицейлер, СЭС және әкімдік өкілдері базарлар мен басқа да нысандарды аралады, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Белгілі болғандай, кейбір ШОБ өкілдері карантин режимі күшейгеніне қарамастан, бұзушылық жасауды жалғастыруда. Мысалы, базарлардың бірінің иелері демалыс күндері жұмыс уақытын сақтамағаны үшін үлкен айыппұл төлейді. Тағы бір орында тексерушілер кіре берісте санитайзерлер орнатылмағанын анықтады. Сонымен қатар, жауапты адамдар жанасусыз термометрді қолдана алмады.

"Сауда үйлері демалыс күндері жұмыс істемеуі керек, тек дәріханалар, қоғамдық тамақтану орындары болса, олар жұмыс істеуге құқылы", – деп түсіндірді Байқоңыр ауданы бойынша тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы басшысының орынбасары Салтанат Ықыласова.

Мамандардың айтуынша, қазіргі кездегі негізгі бұзушылықтар – жұмыс режимін сақтамау, қоғамдық тамақтану орындарында келушілер санының көп болуы, сатып алушылар мен сатушылар үшін масканың болмауы, әлеуметтік қашықтық сақтамау, нысанның кіреберісінде антисептиктердің болмауы, кей жерлерде келушілер мен қызметкерлердің термометриясы жүргізілмейді. Сондай-ақ жиі кездесетін бұзушылықтар қатарына бұқаралық отбасылық іс-шараларды, кездесулерді, жиындарды өткізу жатады.

"9 қазандағы жағдай бойынша барлығы 1240 рапорт келіп түсті. Оның 627-сі қаралып, 133 766 808 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Оның ішінде 509-ы бойынша 110 196 325 теңге өндірілді. Төрт материал соттың қарауына жіберілді", – делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, елордада карантин режимі күшейтілгені жарияланған болатын. Азаматтар маска тағу тәртібін, арақашықтықты қатаң сақтап, антисептик қолдануы керек.

Құқық бұзушылық анықталған жағдайда жеке тұлғаларға 30 АЕК (83 340 теңге), заңды тұлғаларға – 230-дан 1600 АЕК-ке дейін (4 миллион 445 мың теңгеге дейін) айыппұл салынады. Кінәсін мойындаған жағдайда айыппұл жеті күн ішінде 50% жеңілдікпен төленеді. Жеті күн ішінде төленбеген немесе кінәсін мойындамаған жағдайда әкімшілік айыппұл туралы қаулы толығымен шығарылып, 30 күн ішінде төленеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу