Нұр-Сұлтан қатарынан бес ай бойы "қызыл" аймақтан шыға алмай келеді

1403

Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенованың айтуынша, дельта штамының таралуы елордадағы эпидемиолоялық ахуалды тіпті күрделендіре түскен, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы.

Нұр-Сұлтан қатарынан бес ай бойы "қызыл" аймақтан шыға алмай келеді

"Елордада коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиолоялық ахуал әлі де қолайсыз болып қалып отыр. Бес ай бойы қала "қызыл" аймақта тұр. Соңғы 13 күнде инфекциялық стационарлардың жүктемесі 70 пайыздан жоғары. 100 мың тұрғынға шаққанда төсектердің толымдылығы 200-ден жоғары болуы себепті Нұр-Сұлтан "қою-қызыл" аймақта болды. Кешегі күннен бері инфекциялық стационарлардың жүктемесі 60 пайызды құрап, елорда тағы да "қызыл" аймаққа ауысты", - деді Сархат Бейсенова Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің фейсбук парақшасы арқылы өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, биылғы маусымның екінші онкүндігінен бастап дельта штамының таралуымен елордада эпидемиологиялық жағдай нашарлап кеткен. Маусым-шілде айлары кезеңінде осы жылдың басынан бастап барлық сырқаттанушылық деңгейінің 55 пайызы тіркелген. Шілде айында аурушаңдың деңгейі мамыр айындағы көрсеткіштен 2,4 есе, маусым айындағы көрсеткіштен 2,3 есе артқан. Осы жылдың шілде айында пандемия басталғалы бері 100 мың тұрғынға шаққанда ең жоғары апталық көрсеткіш тіркелген. Жағдайлардың орташа тәуліктік тіркелуі маусым айында 388-ден шілдеде 1200-ге дейін өскен. Соңғы 19 күнде елордада 1500-ға жуық адам індет жұқтырған.

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу