"НҰР-СҰЛТАН" кемесі салтанатты түрде суға түсірілді

1353

Ұзындығы 42 метр болатын су көлігі 5 балдық теңіз дауылына төтеп беріп, су тұщытатын қондырғының көмегімен теңіз бетінде 5 тәулік бойы жүзе алады.

"НҰР-СҰЛТАН" кемесі салтанатты түрде суға түсірілді

"Қазақстан инжиниринг" ҰҚ" АҚ-ға қарасты "Зенит" зауытында" құрастырылған "НҰР-СҰЛТАН" кемесі салтанатты түрде суға жіберілді, деп хабарлайды ҚР цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі.

Кеме  еліміздің мемлекеттік шекарасының аумақтық суларын және құрлықтық қайраңын күзету, заңсыз кемелердің жүруін, контрабандалық операцияларды, қарақшылық және заңсыз балық аулауды тойтару мақсатында торуылдау, өз бетінше және басқа да кемелер, катерлер және авиациямен бірге заң бұзушы кемелерді ұстау және тексеріп қарау сияқты мақсаттарға арналған.

Ұзындығы 42 метр болатын су көлігі 5 балдық теңіз дауылына төтеп бере алады. Салмағы – 240 тонна. Су тұщытатын қондырғының көмегімен теңіз бетінде 5 тәулік бойы жүзе алады. Су асты диверсанттарымен күреске арналған арнайы жабдықпен қамтылған.  Қауіп төнген жағдайда жау нысанына 5 шақырым жерден соққы беріп, жойып жібереді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу