Нұр-Сұлтан коронавирустан жалпы саны 20 медицина маманы көз жұмды

730

Ауруханалардың жүктемесі 13,3%. 

Нұр-Сұлтан коронавирустан жалпы саны 20 медицина маманы көз жұмды

Бұл туралы Astana Adaldyq Alańy аясында өткен тікелей эфирде Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов мәлім етті.

"Жұқпалы аурулар ауруханаларының жүктемесін 99%-дан 13,3%-ға жеткіздік. Қазір 362 адам ем қабылдауда. Бұл төмен көрсеткіш. Алайда өкінішке орай пандемия кезінде 267 адам көз жұмды. Оның ішінде медицина мамандары да бар. Нұр-Сұлтанда халыққа көмек көрсетіп жүрген 20 "ақ халатты" қайтыс болды. Олардың отбасыларына көңіл айтамыз", – деген басқарма басшысы пандемия кезіндегі ауруханалардың жүктемесі туралы сөз қозғады.

"Індет өршіп тұрған кезде денсаулық сақтау жүйесінің жүктемесі 3-4 есе артты. Күніне жедел жәрдемге 3500 қоңырау түсетін. Мамандар орта есеппен 2800 шақыртуға баратын. Бұл біздің техникалық мүмкіндігімізден де жоғары еді. Соған сәйкес науқастың коронавирусты жұқтырған немесе жұқтырмағанын анықтайтын ситуациялық орталық ашып, арнайы ботты іске қостық. Енді екінші толқынға дайындығымызды күшейтудеміз", – деді Тимур Мұратов. 

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу