Нұр-Сұлтан – Қостанай жолы әзірге кеңейтілмейді

848

Автомобиль жолдарының мемлекеттік стандартына (ҚР СТ 2025-2010) сәйкес, жол төрт жолақты болуы үшін тәулігіне 7 мыңнан астам көлік жүріп өтуі керек. 

Нұр-Сұлтан – Қостанай жолы әзірге кеңейтілмейді

Қостанай облысында Қостанай – Нұр-Сұлтан және Қостанай – Троицк (РФ шекарасы) автожолдарында ақылы жүйе енгізу мәселесі жөнінде қоғамдық тыңдау өтті.

"Қазавтожол" өкілдері аталған жолдар 2-техникалық санатқа жататынын, сондықтан жеңіл автомобильдердің жүруі тегін болып қала беретінін хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Қоғамдық тыңдауда азаматтар Қостанай – Нұр-Сұлтан тас жолын кеңейтуге қатысты сұрақ қойды. Олардың айтуынша, осы тар жолмен ауыр жүк көліктері жиі жүреді. Соның салдарынан жол апаты жиі орын алады.

"Қазавтожол" компаниясы өкілдерінің сөзінше, егер осы жол арқылы өтетін көлік ағыны 30%-дан асатын болса, жол екі есе кеңейтілмек. 

"Автомобиль жолдарының мемлекеттік стандартына (ҚР СТ 2025-2010) сәйкес, төрт жолақты жол тәулігіне қарқыны 7 мыңнан астам көлік жүріп өтетін 1-техникалық санатқа жатады. Қазіргі уақытта Қостанай – Нұр-Сұлтан автожолының жүктемесі тәулігіне 5 мың автомобильден аспайды. Бұл 2 немесе 3-санаттағы екі жолақты жолға қойылатын талаптарға сәйкес келеді. Сондықтан, қосымша жолақтар салу туралы шешім қабылдау үшін көрсетілген учаскедегі қозғалыс қарқындылығы кем дегенде 30%-ға артуы керек", - деп түсіндірді ұлттық компания мамандары.

Айта кету керек, тыңдау барысында жергілікті тұрғындар "ҚазАвтоЖол" басшылығына жолдаған ұсыныстарын хаттамаға енгізуді талап етті. Атап айтқанда, облыс ауымағында ауыл шаруашылығы техникасының, коммуналдық қызмет пен азық-түлік тауарларын тасымалдайтын және басқа да жергілікті жүк көліктерінің ақылы жолдармен тегін жүруін қарастыруды сұрады. Халықтың пікірінше, мұндай жеңілдік коммуналдық қызметтер мен азық-түлік бағасының күрт өсуіне тосқауыл болады.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу