Нұр-Сұлтан мектептері жаппай қашықтан оқуға көшуі мүмкін

736

10 желтоқсаннан бастап Нұр-Сұлтан қаласы коронавирустың таралуына байланысты қауіптің "қызыл аймағына" кіргені белгілі. Енді қаладағы мектептерді де жаппай қашықтан оқытуға көшіру жоспарланып отыр. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте елорданың бас санитарлық дәрігері Жанна Пралиева айтты.

Нұр-Сұлтан мектептері жаппай қашықтан оқуға көшуі мүмкін

Еліміздегі мектептер қазір онлайн режимде оқып жатыр. Бірақ бастауыш сыныптарда кезекші сыныптар ұйымдастырылғаны мәлім. Сондай-ақ, кейбір жекеменшік білім орындары да дәстүрлі түрде оқуын жалғастырып келеді. Енді Нұр-Сұлтан қаласында коронавирустың өршуіне байланысты барлық мектептер, оқытудың меншік нысанына қарамастан қашықтан оқуға көшуі мүмкін. 

"Қазіргі таңда қалада вирус өршіп келеді. Оқушылар мен оқытушылар арасында да COVID-19 инфекциясын жұқтыру көбеюде. Сондықтан мектептерді қашықтан оқыту жүйесіне көшу мәселесін қарастырып жатырмыз. 10 желтоқсандағы жағдай бойынша, аудандық санэпидбақылау басқармаларының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлері 20 мектепті 14 күнге онлайн режимге ауыстыруға қаулы шығарды", - деді Жанна Пралиева.

Қымбат Нұрғали

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу